PetrolAsia — бұл Алматы қаласындағы қарқынды дамушы АЖҚС желісі. Компания қызметінің негізгі бағыты – бұл соңғы тұтынушыға жоғары сапалы мұнай өнімдерін бөлшектеп сату. Қазіргі кезде компания бірнеше негізгі бағыттар бойынша дамып келеді: жаңғырту және техникалық қайта жарақтану, корпоративтік басқаруды жетілдіру, ерекше көрсетілген маркетингтік саясатты жүргізу, сатылатын жанармай түрлерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету. Біз болашаққа байсалды әрі сенімді қараймыз, себебі, «PetrolAsia»-ны құрған сәттен бастап біз бізге мұнай өнімдерін сату нарығында табысты дамуға және бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін бірнеше негізгі қағидаларды ұстанамыз, нақтырақ айтсақ: бизнесті адал жүргізу, пунктуалдылық және қарым-қатынас жасаудағы сенімділік, уағдаластықты ұстану мен әрбір клиентке ерекше назар аудару.
«PetrolAsia»-ны бизнес-әріптес ретінде таңдай отырып, Сіз әрқашан біздің мамандарымыздың жеделдігі мен жоғары кәсіпқойлылығына сенім білдіре аласыз. Бізден мұнай өнімдерін сатып алу, демек, болашақта әрі қарай бірлескен қызметке әкелетін өзара мәмілені жасасуды білдіреді.