ЖАНАРМАЙ ТАЛОНЫ
— бұл «PetrolAsia» АЖҚС-да есеп айырысу формасы. Сіздің компанияңызды бағалардың өсуінен қорғайтын, жанармай үшін қолма-қолсыз есеп айырысудың қарапайым, ыңғайлы әрі сенімді тәсілі. Әрбір талонда ешқашан қайталанбайтын бірегей 11 мәнді индификатор бар. Әрбір талонда жанармай түрі мен номиналы көрсетілген. Номинал – бұл автожанармай құю станциясында жанармай талонының орнына алуға болатын бензин немесе дизельді жанармай литінің саны. Талондар номиналы 10, 20, 50 литрге сәйкес келеді. Талондар бойынша барлық транзакциялар барлық қажетті ақпаратты қамтитын ақпараттық чекпен расталады.
Талондарды қолданудың артықшылықтары:
- жеңілдетілген құжат айналымы
- 210 күнге бағаны бекіту
- талонның қозғалысы бойынша толық есеп
- талондарды курьермен жеткізу
- жанармайдың артық шығыны (ұрлану) тәуекелінің төмендеуі
- талон жоғалған жағдайда, жазбаша өтініш бойынша көрсетілген талон лезде бұғатталады