СҰЙЫЛТЫЛҒАН ГАЗҒА ОТЫН КАРТАСЫ
– бұл АЖҚС-та қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың заманауи жүйесі. Отын картасында 4- таңбалы Пин код бар, ол тек өзінің иесіне ғана белгілі, осы себепті бөгде адамдардың ықтимал қолдануынан толығымен қорғалған.
Картаны пайдаланудың басымдылықтары:
- оңайлатылған құжат айналымы
- бағаны 3 айға тиянақтау
- тәуліктік/айлық лимитті белгілеу мүмкіндігі
- ағымдағы тұтынуды талдау негізінде шығындарды жоспарлау
- жоғалтып алған жағдайда, жеке кабинетте картаны бұғаттау мүмкіндігі
- кез келген уақыт кезеңіне транзакциялар бойынша қарапайым және түсінікті есептер Сізге тәулік бойына жеке кабинетте қолжетімді
Отын картасы– Сіздің автопаркты автоматтандыруға және бақылауға арналған тамаша шешім!